Шымкентте 23 жастағы әйел сәбиін сатпақ болған
Бала балалар үйіне орналастырылды
Шымкент полициясы жаңа туған нәрестені сату дерегін анықтады. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері 23 жастағы әйелдің баласына сатып алушылар іздеп жүргенін анықтап, делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тауып, кейіннен мәміле жасауға келіскен.
«Факт ҚР ҚК-нің 135-бабы «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша тіркеліп, соталды тергеу басталды. Бала балалар үйіне орналастырылды», - деді Қанат Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
Бұған дейін күдіктіге бірнеше рет алаяқтық жасады деген айып тағылған және көп қарызы бар бар екені айтылды. Әйел қазір қамауға алынды.