«Қызық үшін» адам өлтірген әйел өмір бойына сотталды

Сотталушы кісі өлтіруге қызығушылығын криминалдық шоулар мен телебағдарламалар тудырғанын айтты

«Қызық үшін» адам өлтірген әйел өмір бойына сотталды
Ашық дереккөз
1258

Оңтүстік Корея соты деректі детектив жанрының жанкүйері 23 жастағы Чон Ю-чонды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ол адам өлтіргені үшін сотталған, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Чон Ю-чон - жұмыссыз, атасымен бірге тұрған және өте оқшау өмір салтын ұстанғаны айтылады.

Айыптаушы тарап сотта күдікті жәбірленушіні табуға бірнеше ай уақыт жұмсағанын айтты. Ол 50-ден аса репетиторға, негізінен әйелдерге, сабақ алу туралы хат жазған. Бұл ретте ол дайындықты репетитордың өз үйінде өткізу мүмкіндігі туралы сұраған.

Мамырда өзін мектеп бітірушінің анасы ретінде таныстырып, баласына ағылшын тілі сабағы қажет екенін айтады. Чон Ю-чон 26 жастағы әйелге хат жазып, оның мекенжайын біліп алған. Бірнеше күннен кейін Чон Ю-чон мұғалімнің үйіне интернеттен сатып алынған мектеп формасын киіп келіп, есікті жапқан бойда жәбірленушіге шабуыл жасайды.

Айыпталушы жәбірленушіге 100-ден аса пышақ жарақатын салған, олардың көпшілігі өлгеннен кейін салынған. Полиция жәбірленушінің аты-жөнін жарияламады. Содан кейін ол мәйітті бөлшектеп, чемоданды таксимен қаланың солтүстік бөлігіндегі шалғай орманды аймаққа апарған.

Ол такси жүргізушісі жолаушы қан аққан багажды алып жүргені туралы полицияға арызданғаннан кейін қамауға алынды.

Тергеушілер оның бірнеше ай бойы интернеттен кісі өлтіру әдістері мен денеден қалай құтылуға болатыны туралы ақпарат іздегенін анықтады.

Бұл ретте, полиция мәліметінше, Чон Ю-чон жәбірленушінің үйіне барған кезде бақылау камераларына түсіп қалмау үшін ешқандай сақтық шараларын қолданбаған.

Сот барысында сотталушы кісі өлтіруге қызығушылығын криминалдық шоулар мен телебағдарламалар тудырғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары