Қазақстан – Дания матчы іріктеудегі үздік ойындар қатарына енді

Бұл туралы УЕФА өз ресми сайтында жариялады

Қазақстан – Дания матчы іріктеудегі үздік ойындар қатарына енді
Ашық дереккөз

Қазақстан құрамасының өз алаңындағы Данияға қарсы ойыны Еуро іріктеу ойындарындағы үздік ойындар қатарына енді, деп жазады turkystan.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы УЕФА өз ресми сайтында жариялады.

Айта кету керек ел құрамасы бірінші тайымдағы Хойлундттың дублінен кейін 73 минут бойы жеңіліп келе жатты. Артынша 17 минуттың ішінде 3 гол салып тарихи жеңіске жеткен болатын. Бұл Даниямен кездескен Қазақстан құрамасының 5 ойындағы алғашқы жеңісі болып саналады.