Әнші Айжан Нұрмағамбетова ешкім білмейтін құпиясын айтты

Ол "Айт" мерекесінде дүниеге келгендіктен, есімін әжесі ырымдап қойған

Әнші Айжан Нұрмағамбетова ешкім білмейтін құпиясын айтты
instagram/aizhan_nurmagambetova_official
2984

Әнші Айжан Нұрмағамбетова есіміне қатысты құпиясын бөлісті. Оның айтуынша, әншінің әулетінде екі Айжан бар, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, ол "Айт" мерекесінде дүниеге келгендіктен, есімін әжесі ырымдап қойған.

"Мен өзімді сондай әйел деп есептемеймін. Неге десеңіз, шын есімім Айтжан екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Айтжан деген ер адамның есімі. Содан ба, мінезім ер адамға ұқсайды.

Мен "Айт" мерекесінде дүниеге келіппін. Сол үшін әжем ырымдап, ныспымды Айтжан қойған. Ал менің туған сіңілімнің есімі - Айжан. Қысқасы, үйде бір емес, екі Айжан Нұрмағамбетовамыз", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары