Танымал әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Танымал әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті
Ашық дереккөз
3211

«Дос-Мұқасан» ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті, деп жазады turkystan.kz.

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.

1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салған. Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.

Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды. Ол 2010 жылы қайтадан «Дос-Мұқасан» тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің әншісі болды.

Серіктес жаңалықтары