Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф ойындарын сырт алаңда өткізеді

Төрт құраманың арасынан үздік шыққаны 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алады.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф ойындарын сырт алаңда өткізеді
Фото: bassport.kz
817

Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының С дивизионында өз тобында бірінші орын алғаны белгілі. Магомед Адиев шәкірттері 2024 жылдың 21 наурызында жартылай финалда сырт алаңда Грекиямен кездеседі. Егер жеңіске жетіп жатса, Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл матч та сырт алаңда өтеді.

Төрт құраманың арасынан үздік шыққаны 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алады.

Ұлттық құрама бұған дейін Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында тікелей жолдама алу мүмкіндігінен соңғы сәтте айырылған болатын.

 

 

Серіктес жаңалықтары