Әнші Мадина Сәдуақасова өзін жамандағандарға жауап берді

Әнші тек дұрыс сынды қабылдайтынын айтты.

Әнші Мадина Сәдуақасова өзін жамандағандарға жауап берді
Instagram
1326

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова өзін сынайтын адамдарға әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Хейтерлерге жолдау! Дәл қазір, мен өзіме бір рет болса да жағымсыз комментарий жазған жандарға сұрақ қойғым келеді. Не үшін жағымсыз пікір жаздыңыз? «Мадина осы уақытқа дейін біреуіне де кері жауап қайтармады, тіпті , блокқа да қоймайды» деп, тоқтамай жылдар бойы жазатындар бар. Еті үйреніп кеткен-ау», - деп жазды ол.

Әнші тек дұрыс сынды қабылдайтынын айтты. 

«Құрметті менің хейтерлерім, өміріңіздегі сәтсіздіктерге, ашуыңызға әнші Мадина Садуақасованың еш қатысы жоқ. Соның бәрін сізді ренжіткен адамға айтыңыз, жеңілдейсіз! Немесе бұл жаман әдетті қойып (маған негатив жазуды) немесе басқа адамды табыңыз! Ал мен өзімді қолдайтын, шығармашылымды жақсы көретін, құрметтейтін, жаны ашитын, мейлі, кейде дұрыс сын (негатив емес) айтатын жақсы адамдармен өмірде қалғым келеді. Кім айтты Instagram өмір емес деп», - деп түйіндеді сөзін.

Серіктес жаңалықтары