8-сынып оқушысы бір автобустың жолаушыларын құтқарып қалды

Автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, көлік құралын басқара алмай қалған.

8-сынып оқушысы бір автобустың жолаушыларын құтқарып қалды

Оқиға Алматы облысы Іле ауданында болған.  Мектеп оқушысы өзін нашар сезінген автобус жүргізушісін байқап, қоғамдық көлікті тоқтатып, жолаушыларды апаттан құтқарып қалды.

Алматы облысының әкімдігі мәліметінше, автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, көлік құралын басқара алмай қалған. Сол кезде оқушы тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан.

Бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалған баланың есімі - Ақжол, ол 24 лицейдің 8 «Е» сынып оқушысы.

Куәгерлердің айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі ғимаратқа соғылуы мүмкін еді.