«Әйелді тепкілеп, көлікті қиратқан»: ШҚО-да сот төрағасы қамауға алынды

Полицейлер күдіктіні 15 қараша күні таңғы бес жарымда ұстады.

«Әйелді тепкілеп, көлікті қиратқан»: ШҚО-да сот төрағасы қамауға алынды
Gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ернар Ерболатов бұзақылық жасады деп күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша Ерболатов әйелді тепкілеп, онға жуық көлікті қиратқан.

15 қараша күні таңғы бес жарымда полицейлер күдіктіні ұстады. Прокуратура судьяға қатысты қылмыстық кодекстің 293-бабы екінші бөлігінің екінші тармағы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.

“Қылмыстық-процестік кодексінің 550-бабымен Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ернар Ерболатовқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берілді. Қазір ШҚО полиция департаментінің тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді ШҚО прокуроры Аймат Байшолақов.