Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылда қанша күн демаламыз?

Қаңтардың басында жұмыс аптасы  қысқа болады.

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылда қанша күн демаламыз?
ашық дереккөз

2023 жылғы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні аптаның алтыншы күні – сенбіге келеді. Соған байланысты демалыс күні дүйсенбіге ауысады.

Тәуелсіздік күнінде ел азаматтары 2 және 3 күн демалады.

– Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсанда жұмысқа бармайды.

– Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 16-17 күндері ғана жұмыстан бос болады.

Жаңа жыл мерекесінде аптасына 5 күн жұмыс істейтін азаматтар 4 күн, аптасына 6 күн жұмыс істейтін адамдар 3 күн демалады.

30-31 желтоқсан сенбі, жексенбі күндеріне сәйкес келеді. 1, 2 қаңтар жаңажылдық демалыс саналады.

2024 жылғы 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі күні болады. Бұл мереке келесі күнге ауыспайды. 8 қаңтар, дүйсенбі жұмыс күні болады.