2014
Ұзату тойында анасының аяғын сүйген қыздың әрекеті қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Бейнежазба авторы көпшіліктен мұның қандай салт екенін сұраған.
Ұзату тойында анасының аяғын сүйген қыздың әрекеті желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлады turkystan.kz.
Видеодан қыздың еңкейіп, анасының аяғын сүйіп жатқанын көруге болады. Бейнежазба авторы көпшіліктен мұның қандай салт екенін сұраған.
Желі қолданушылары қазақ халқында мұндай дәстүрдің жоғын айтып жатыр. Оқырмандар пікірі екіге жарылған, бірі қыздың бұл әрекетін оғаш көрсе, бірі қолдау көрсетті.