Әлі үміт бар: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына шығу үшін не істеу керек?

Қалған үш орын Ұлттар лигасы арқылы таласқа түседі.

Әлі үміт бар: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына шығу үшін не істеу керек?
ҚФФ
1921

Футболдан Қазақстан құрамасының 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алуға жалғыз мүмкіндігі бар.

Кеше Словенияда өткен кездесуде алаң иелерінен жеңіліп, тікелей жолдамадан қағылған ұлттық құрама ойыншыларында алда бір мүмкіндік бар.

Бүгін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алған 21 команда белгілі болды. Еуропа чемпионатына жалпы саны 24 команда қатысатынын ескерсек, қалған үш орын Ұлттар лигасы арқылы таласқа түседі. Аталған лигада жақсы өнер көрсеткен қазақстандық футболшыларда сол 3 жолдаманың біреуін еншілеу мүмкіндігі бар.

Ол үшін не істеу керек?

Ұлттық құрама Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекия командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесуде жеңіске жеткен команда Грузия-Люксембург ойынында жеңген құрамамен кездеседі. Сонда аталған екі ойында басым түскен команда Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. 

Біздің құрама Грекия командасына қарсы 21 наурыз күні сырт алаңда ойнайды. Айта кету керек, құрамалар тек бір рет ойнайды.

Еске сала кетейік, Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде қазақстандық футболшылар Дания (3:2) мен Финляндия (1:0) құрамаларын бір рет жеңіп, Cолтүстік Ирландия (1:0, 1:0) мен Сан-Марино (3:0, 3:1) құрамаларынан екі рет басым түсті. Ұлттық құрама Дания (1:3), Словения (1:2), Финляндияға (0:1) есе жіберіп қойды.

 

Серіктес жаңалықтары