EURO-2024: Қазақстан құрамасы Словения командасынан жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасының келесі жылы көктемде басталатын Ұлттар лигасының ойындарында құрлықтық чемпионаттың жолдамасына қол жеткізу мүмкіндігі бар.

EURO-2024: Қазақстан құрамасы Словения командасынан жеңіліп қалды (ВИДЕО)
ҚФФ

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының сегізінші турында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словения командасынан жеңіліп қалды.

Словения астанасы Люблянада өткен тартысты кездесуде ұлттық құрама 1:2 есебімен есе жіберді. Осылайша Словения құрамасы Еуропа чемпионатына қатысу мүмкіндігін иеленді. Ал Қазақстан құрамасының келесі жылы көктемде басталатын Ұлттар лигасының ойындарында құрлықтық чемпионаттың жолдамасына қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде қазақстандық футболшылар Дания (3:2) мен Финляндия (1:0) құрамаларын бір рет жеңіп, Cолтүстік Ирландия (1:0, 1:0) мен Сан-Марино (3:0, 3:1) құрамаларынан екі рет басым түсті. Ұлттық құрама Дания (1:3), Словения (1:2), Финляндияға (0:1) есе жіберіп қойды.