«Қазақстан бүгін футбол ойнайды»: Жеті шелпек пісірген әжей желі қолданушыларын сүйсінтті

Әже бүгін болатын футболға арнап пісіргелі жатқанын айтқан.

«Қазақстан бүгін футбол ойнайды»: Жеті шелпек пісірген әжей желі қолданушыларын сүйсінтті

Қазақстан футбол федерациясы Instagram-дағы ресми парақшасында футболшыларға жанкүйер болған әжейдің видеосын жүктеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Видеода әжейдің жанындағы адам «Шелпекті не үшін пісіріп жатырсыз?» деп сұрайды.

Ал әже бүгін болатын футболға арнап пісіргелі жатқанын айтқан.

 «Футбол... Қазір 1:45-те басталады. Иә, соған пісіріп жатырмын», - дейді күлімдеп.

Әженің бұл әрекетіне сүйсінген оқырмандар денсаулық тілеп, ақ тілегін жаудырған.