Полицейді қорлағаны үшін астаналық әйел жауапқа тартылды

Полицейді қорлаған 29 жастағы елорда тұрғыны жауапқа тартылды.

Полицейді қорлағаны үшін астаналық әйел жауапқа тартылды
osnova.news
817

Астаналық әйел патрульдік полиция инспекторын қорлаған, деп хабарлады turkystan.kz елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Патрульдік полиция полкінің инспекторын қызметтік міндеттерін атқару кезінде балағат сөздермен қорлаған 29 жастағы елорда тұрғыны жауапқа тартылды.

Кешкі уақытта полицияның «102» арнасына қала тұрғыны қоңырау шалып, дөңгелек айырбастау орталығында белгісіз әйел өзін дұрыс ұстамай, үй-жайдан кету туралы өтінішке құлақ аспайтынын хабарлаған.

«Келіп түскен қоңырауды пысықтау барысында шара қолдану үшін мекенжайға полиция қызметкері келген. Әйел тәртіп сақшысына дөрекі сөйлеп, сыйластық танытпаған. Полиция қызметкері әйелді тәртіпке шақырған, бірақ ол дөрекілік танытып, қорлауын жалғастырған. Тәртіп бұзушы полиция бөліміне жеткізілді», – делінген хабарламада.

Аталған факті ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігі «Билік өкілін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары