768
Алматыда жас жігіт 20-қабаттан құлап, мерт болды
Қайғылы жағдай 19 қараша күні таңғы уақытта «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінде болған.
Алматыда жас жігіт жоғары қабаттан құлап,көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Полиция суицид бабымен тергеуді бастады.
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Онда қайғылы жағдай 19 қараша күні таңғы уақытта «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады. 2001 жылы туған жігіт тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап кеткен.
«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен.