1191
ChatGPT-ді әзірлеген OpenAI басшысы Сэм Альтман жұмыстан қуылды
Директорлар кеңесі Альтманның олармен "ашық емес" екенін алға тартып, шешім қабылдаған.
OpenAI жаңа басшы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz theverge.com-ға сілтеме жасап.
ChatGPT-ді жасақтап шығарған OpenAI басшысы Сэм Альтман жұмыстан қуылды. Директорлар кеңесі Альтманның олармен "ашық емес" екенін алға тартып, шешім қабылдаған. Енді кеңес оның орнына жаңа басшы іздестіріп жатыр.
“Мен OpenAI-да өткен күндеріме ризамын. Бұл уақытта мен өзгердім, сәл де болса әлемді өзгертуге үлес қостым деп үміттенемін” деп жазды Альтман Twitter-дегі парақшасында. Сонымен қатар, ол өзінің жұмыстан қуылғанын “тірі тұрып, өз қазанамаңды оқығандай сезім” деп сипаттады.