Статистика: Қазақстан халқының қанша пайызы отбасын құрған?

Некеде тұрған ерлер мен әйелдердің саны 2009 жылы 6,6 миллионнан 2021 жылы 8,2 миллионға дейін өсті

Статистика: Қазақстан халқының қанша пайызы отбасын құрған?
ult.kz
1251

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша неке және отбасы, сондай-ақ үй шаруашылықтары бойынша кезекті жинақты шығарды.

Онда аймақтар, жыныс және жас құрамы бөлінісіндегі көрсеткіштерді, сондай-ақ соңғы екі санақ арасындағы динамикалық өзгерістерді көруге болады. 

Некеде тұрған ерлер мен әйелдердің саны 2009 жылы 6,6 миллионнан 2021 жылы 8,2 миллионға дейін өсті. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың 60,9% некеде болған, осылайша некеде тұрған азаматтардың саны — 8,2 млн адам. Оның ішінде 9% — қайта неке құрғандар.

Жалпы халықтың 28% — ешқашан үйленбеген, 5,3% — жесір, ал қалған 5,8% — ажырасқандар. Үй шаруашылықтарының саны 27,9% өсті. Санақ нәтижесі үй шаруашылықтары санының 27,9% өскенін көрсетті — 2009 жылғы 4,3 млн бірліктен 2021 жылы 5,6 млн бірлікке дейін.

Қалалық жерлерде үй шаруашылықтарының 3,7 млн (66,4%), ауылдық жерлерде — 1,8 млн (33,6%) бірлігі есепке алынды.

Қазақстан бойынша үй шаруашылықтарының орташа мөлшері 3,4 адамды құрады. Бұл ретте ауылдық жердегі үй шаруашылықтарының орташа мөлшері қалалық жерлерге қарағанда артық, тиісінше 3,9 және 3,1 адамнан. Үй шаруашылықтарының ең жоғары орташа мөлшері Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарында байқалды — 4,3-тен 5,2 адамға дейін.

Айта кетейік, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бойынша деректер санақ өткен уақытқа, яғни олар бөлінгенге дейін берілген. Бұл ретте жаңадан құрылған облыстардағы халық саны санақ деректерін ескере отырып қайта есептелген және stat.gov.kz сайтында жарияланған.

Серіктес жаңалықтары