Атырауда әйелімен жанжалдасып қалған ер адам үйді жарып жібермек болды

1979 жылы туған азамат пәтерінің есігін құлыптап, полиция қызметкерлеріне газ жіберу арқылы үйді жарып жіберетіндігін айтқан.

Атырауда әйелімен жанжалдасып қалған ер адам үйді жарып жібермек болды
liter.kz/
804

Атырауда отбасында ойран салып, кейін полицейлерге қарсылық танытқан азамат әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.

AtyrauPress сайтының мәліметунше, 15 қараша күні сағат 22:09 шамасында 1975 жылы туған қала тұрғыны Атырау қаласы полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөліміне отбасылық жанжал жөнінде хабарлама берген.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлеріне 1979 жылы туған азамат қарсылық білдіріп, мас күйде пәтерінің есігін құлыптап, газ жіберіп, үйді жарып жіберетіндігін айтқан.

«Тексеру барысында әйелі мен баласы үйден шығып кеткендігі анықталған. Сонымен қатар оқиға орнына «АтырауГазАймақ» АҚ, ТЖД және жедел-жәрдем қызметкерлері шақырылған. Аталған азамат қызметкерлерге бағынбай пәтердің терезесінен шатырға шығып, сол жерден ұсталды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер», ҚР ӘҚБтК 438-бап «Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру», ҚР ӘҚБтК 667-бап «Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау», ҚР ӘҚБтК 669-бап «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс құжаттар сотқа жолданды.

 

Серіктес жаңалықтары