Халықаралық студенттер күні қалай пайда болды?

Халықаралық студенттер күні 1946 жылы 17 қарашада бүкіләлемдік студенттер конгресінде бекітілді.

Халықаралық студенттер күні қалай пайда болды?
habr.com
1910

17 қараша Халықаралық студенттер күні. Бұл күннің  түпкі тарихын, қандай оқиғаға қатысы бар екенін көпшілік біле бермейді. 

Халықаралық студенттер күні Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бекітілген. 

1939 жылы  28 қазанда Чехословакия мемлекетінің бір жылдығында осы елдің студенттері мен оқытушылары шеруге шықты. Шеру кезінде студенттерге қарсы қару қолданып, медицина факультетінің студенті Ян Оплеталға оқ тиді. Ол алған жарақатынан қайтыс болды.

Қаза тапқан студенттің жерлеу рәсімі 15 қараша күні өтті. Шеру кезінде оншақты студент ұсталып, қамауға алынды. 17 қарашада таңертең гестапо әскері студенттер жатақханасын қоршауға алды. Сол жерде 1200-ден астам студент қолға түсіп, концлагерьге жіберілді. Гитлердің тапсырмасымен чехтардың барлық жоғары оқу орындары соғыстың соңына дейін жабылды.

1946 жылы 17 қарашада бүкіләлемдік студенттер конгресінде халықаралық студенттер күні бекітілді. Сәйкесінше 17 қараша халықаралық студенттер күні болып жарияланды.

«Студент» сөзі латын тілінен аударғанда бір нәрсеге ұмтылушы, қызығушы деген мағынаны білдіреді. Демек студенттер – білімге құштар, қандай да бір дүниені білуге талпынушылар.

Қызығы мол студенттік шақ  жастардың өмірлік көзқарасын қалыптастыратын мағыналы да мазмұнды кезең. Бүгінгі таңда бұл мейрам әлемнің түкпір-түпкірінде сән салтанатпен тойланады. Жастарға қатысы  болғандықтан шығар, бұл мейрам өте танымал.

Асыл ЖИЕНБАЙ,

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ 

Журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс  студенті

Серіктес жаңалықтары