«Менің шашым сияқты еді»: Бас бапкер стадиондағы жанкүйерлер туралы айтты

Сан-Мариномен ойынға билеттер сатылып кеткен.

«Менің шашым сияқты еді»: Бас бапкер стадиондағы жанкүйерлер туралы айтты
Фото: bassport.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ұлттық құраманың футболға қызығушылықты қалай арттырғаны туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz Bassport.kz-ке сілтеме жасап.

Сан-Мариномен ойынға билеттер сатылып кеткен. Осы орайда бас бапкер жанкүйерлер туралы айтты.

«Бұл біз үшін өте маңызды. Ұлттар лигасындағы жорығымыз есімде. Әзербайжанмен ойнадық, сол кезде алаң менің шашым сияқты еді, әр-әр жерде ғана жанкүйерлер көрінеді. Ал қазір бәрі өзгерді, қарсыласымыз көшбасшы деп айта алмайсың, ал матчқа билеттер сатылып кетті. Адамдар матчты тамашалағысы келеді, федерациядағыларға хабарласып билет сұрайды. Қарсылас үшін, команданы қолдау үшін келеді. Бұл біз үшін абырой. Бәріне рахмет», - деді Адиев.