Желтоқсан айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Жылдың соңы, яғни желтоқсанның 30-31 күндері сенбі-жексенбіге тура келеді.

Желтоқсан айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: syrboyi.kz

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Маңызды мерекеге байланысты ел тұрғындары үш күн қатарынан, 16-18 желтоқсан аралығында демалады. 

Қазақстан халқы желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18-і күндері демалады. Өйткені мереке күні 16-сы сенбіге сәйкес келеді.

Жылдың соңы, яғни желтоқсанның 30-31 күндері сенбі-жексенбіге тура келеді. Желтоқсан айында барлығы 11 демалыс күні бар.