Қызылорда облысының құрамасы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды

Қазақстанның аралас-командалық чемпионатына барлығы 17 команда қатысты.

Қызылорда облысының құрамасы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды
24.kz

Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде аралас командалық сайыста үздіктер анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Қазақстанның аралас-командалық чемпионатына барлығы 17 команда қатысты. Нәтижесінде Қызылорда облысы үздік атанды. Финалда қарсыласына жол берген Қарғанды облысы күмісті місе тұтса, Алматы облысы мен Атырау құрама командалары үшінші орынды өзара бөліп алды.

Ал Қазақстан чемпионатының жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық медаль кестесінде Жетісу облысының командасы (3 алтын, 2 күміс) топ жарыс, Ақтөбе облысы (3 алтын) екінші, Маңғыстау (2 алтын) облысы үшінші орындарға жайғасты.

Айта кетерлігі, ел чемпионатына еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан 463 спортшы өзара мықтыны анықтады.