1119
Халқымыздың саны 20 миллионға жетті
Президент отандастарымызды құттықтады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды 20 миллионыншы қазақстандықтың дүниеге келуімен құтттықтады, деп хабарлады Turkystan.kz.
«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы - ұлт игілігінің, елдің тұрақты ілгерілеуінің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайту, ана мен баланы қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.