693
Үндістан Премьер-министрі – музыкалық «Грэмми-2024» сыйлығына үміткер
«Грэмми-2024» жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 2024 жылдың 4 ақпанында өтеді.
Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди әйгілі «Грэмми» сыйлығына үміткерлердің қатарында, деп хабарлайды turkystan.kz timesofindia-ға сілтеме жасап.
Үкімет басшысы үндістандық-америкалық әнші Fly-мен бірлесіп, тары өнімінің пайдасы, әсіресе, аталған өнімнің аштыққа қарсы күрес кезінде шешуші рөл ойнағаны туралы «Abundance in Millets» әнін жазып шығарған. Аталған әнді Үндістанға белгілі әнші Фалу мен оның күйеуі Гаурав Шах орындайды. Осы аптада екеуінің орындауындағы бұл ән әйгілі «Грэмми-2024» сыйлығының «Үздік әлемдік хит» номинациясына үміткерлердің қатарына енгені белгілі болды.
«Грэмми-2024» жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 2024 жылдың 4 ақпанында өтеді.