Атырауда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды (ВИДЕО)

1993 жылы туған Батыс Қазақстан облысының тумасы жедел-тергеу тобына тапсырылды

Атырауда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды (ВИДЕО)
pixabay.com

Атырауда көпірден секірмек болған ер адамды құтқару сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

AtyrauPress сайтының мәліметінше, 12 қараша күні сағат 17:52 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері көпірден суға секіргелі тұрған азаматты байқаған. Олар бірден патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 3 минут ішінде жеткенге дейін тұрғындар көмекке келген. 31 жастағы ер адаммен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, шұғыл құтқару әрекетін жасалды.

«Қазір 1993 жылы туған Батыс Қазақстан облысының тумасы жедел-тергеу тобына тапсырылды», – деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.