Шекспирдің алғашқы пьеса жинағы жарық көргеніне 400 жыл толды

Лондондағы Гилдхолл кітапханасы осы басылымның түпнұсқасын көпшілік назарына ұсынды.

Шекспирдің алғашқы пьеса жинағы жарық көргеніне 400 жыл толды
ianvisits.co.uk

Шекспирдің алғашқы пьеса жинағы жарық көргеніне 400 жыл толуына орай Лондондағы Гилдхолл кітапханасы осы басылымның түпнұсқасын көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап. 

Ең жақсы сақталған фолиант көпшілік назарына тек бір күнге қойылды.

Сондай-ақ, ағылшын драматургінің портреті және оның "Жазғы түндегі түс" пьесасының үзіндісі арнайы әуе шарымен атмосфераның жоғарғы қабатына жіберілді.