728
Ақмола облысының тұрғыны 2 жылға жуық уақыт ұлын іздеп жүр
Сергей Быстров 2022 жылы наурыздың 17-сінен 18-іне қараған түні жоғалып кеткен.
Ақмола облысы Щучье қаласының тұрғыны ұлын екі жылға жуық уақыт бойы таппай жүр. Бұл туралы Sinegor.kz Instagram-парақшасы хабарлады.
Жігіт 2022 жылдың көктемінде белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Наурыздың 17-сінен 18-іне қараған түні Сергей Быстров жұмыстан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Үйдің кіреберісіне кіріп, бірақ пәтерге жетпеген. Жігіт содан бері табылмай келеді.
Полиция мен еріктілер Сергей жоғалған күннен бастап іздеуді тоқтатқан жоқ, бірақ бәрі нәтижесіз дейді. Жігіттің анасы баласы қайтып келер деген үмітте.
Сергей Быстровты көрген немесе жігіттің қайда екенін білетіндер болса, көрсетілген нөмірге хабарласуды сұрайды: +7 705 544 12 57.
Құпиялылыққа және сыйақыға кепілдік беріледі.