«Қазспецэкспорт» басшысы қамауға алынды

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды

«Қазспецэкспорт» басшысы қамауға алынды
Ашық дереккөз
685

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Рамазановқа қатысты екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлады turkystan.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге дерек жария етілмейді.

Сот хабарлағандай, Қаржы мониторингі агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазспецэкспорт» РМК лауазымды адамдары мен олардың қарамағындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстаған.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, олар мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде бағаны көтеру жолымен әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары