Орал қаласында тұрғын үйлер маңына сібір жарасынан өлген мал көмілген

Жануарлар үйден 15 метр жерге көмілген

Орал қаласында тұрғын үйлер маңына сібір жарасынан өлген мал көмілген
"МГ" архивінен
1325

Оралда тұрғын үйлер маңынан сібір жарасы қорымы табылды. Қауіпті аурудан өлген жануарлар үйден 15 метр жерге көмілген, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Әділхан Сабуров мәлім етті.

Бүгінде облыста 222 арнайы көметін жер тіркелген. Сонымен қатар 2017-2023 жылдар аралығында оларды оқшаулауға бюджеттен қаражат бөлінбеген.

Сабуров мал қорымдарының басым бөлігі талапқа сай емес, қарабайыр екенін айтты. Оралда бір тұрғын үйден 15 метр, екінші тұрғын үйден 50 метр қашықтықта сібір жарасынан өлген мал көмілген орын бар. Ал 83 метр қашықтықта Дерқұл ауыл округі әкімдігінің ғимараты орналасқан.

Сырым ауданындағы 32 қорымда қоршау немесе ескерту белгілері мүлдем жоқ. Ал мұндай мысалдар көп, деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, сібір жарасынан өлген малды көметін қорымдар бірінші қауіптілік класындағы объектілерге жатады. Олардың санитарлық қорғау аймағы 1000 метрден кем болмауы керек.

Серіктес жаңалықтары