Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша мәміле саны азайды
Қыркүйек айымен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8%-ға азайды.
Биыл қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 32 975 мәміле тіркелген, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 023 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 952 мәміле жасалды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда (35 398) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8%-ға азайды.
Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 854 – 17,8%) және Астана (5 438 – 16,5%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 075 – 9,3%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 298 бірлік (0,9%).
«2023 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда ең көп өсім Түркістан (+29,5%), Атырау (+8,9%) облыстарында және Шымкент (+4,8%) қаласында тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Астана қаласында (-19,2%), сонымен қатар, Абай (-15%) және Шығыс-Қазақстан (-11,9%) облыстарында орын алды», – делінген хабарламада.