Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы жылдан жылға жақсарып келеді

Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында аптасына 27 рейс орындалады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы жылдан жылға жақсарып келеді
travelask.ru
1358

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында визасыз режим қолданысқа енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушылар ағынының артуына байланысты бірнеше бағыт бойынша рейстер санын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Алматы-Пекин бағытында аптасына 6 рейстен 7 рейске дейін; Астана-Пекин бағыты бойынша аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін; Алматы-Үрімші бағытында аптасына 2 рейстен 7 рейске дейін ұлғайтылады.

Сонымен бірге келесі жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы Шанхай, Гуанчжоу және Чэнду қалаларына жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа қытайлық Air Logistics жүк әуекомпаниясы қараша айынан бастап Алматы – Сиань бағыты бойынша жүк тасымалына арналған тұрақты рейстерді іске қосуды көздеп отыр.

Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында аптасына 27 рейс орындалады.

«Жалпы Қазақстан мен Қытайдың авиациялық билік өкілдерінің арасындағы келісімге сәйкес екі елдің әуекомпанияларына аптасына 84 рейс орындауға рұқсат етілген», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

 

Серіктес жаңалықтары