916
Көлік ұрлығы үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адам Өзбекстанда ұсталды
Ер адам 2018 жылы Астана қаласындағы базарлардың бірінен көлік ұрлаған.
Көлік ұрлығы үшін іздеуде жүрген күдікті Өзбекстанда ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ташкент облысының Нұравшан қаласында Павлодар облысының жедел уәкілдері осы елдің 27 жастағы азаматын ұстады. Ол бес жыл бойы автокөлік ұрлағаны үшін іздеуде жүрген.
«2018 жылдың желтоқсанында ер адам Астана қаласындағы базарлардың бірінен Lada Priora автокөлігін айдап кеткені анықталды», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.
Сот оның әрекеттері үшін бас бостандығынан айырды. Босатылғаннан кейін, заңда белгіленген мерзімде Екібастұз қаласының полициясына есепке тұрған жоқ. Осыған байланысты халықаралық іздестіру жарияланды.