Мәскеуде сотталған қазақстандық блогер бостандыққа шықты

Ол Мәскеуде пранк жасағаны үшін сотталған

Мәскеуде сотталған қазақстандық блогер бостандыққа шықты
orda.kz
998

Мәскеуде 3,5 жылға сотталған атышулы блогер Айдын Түсіпов бостандыққа шықты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Ақмола облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері растады.

«Айдын Түсіпов 2023 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-нің 1-нөмірлі мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Тұрғылықты жері бойынша Қарағанды қаласына кетті», - деп жауап берді редакцияға ведомство өкілдері.

Сонымен қатар редакцияға Түсіповтің бостандыққа шыққан сәтінің видеосы жіберілген.

Айта кетейік, 2021 жылы наурызда блогер Айдын Түсіпов, Рамир Хасанов және Ерсін Дүмшебай Мәскеуде премиум-класс таксиді шақырған. Жүргізуші олардың өтініші бойынша жүктерін багажға салып жатқан кезде блогерлердің бірі жолаушының орнына, екіншісі жүргізушінің орнына отырып, көлікті айдап кетіп қалған болатын. Үшіншісі сырттан видеоға түсіріп тұрған. Бірнеше минуттан кейін олар қайтып келіп, жүргізушіге бұл пранк екенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары