Ардагер журналист Айтқали Нұрғали өмірден өтті

Айтқали Нұрғалиев «Қазақстан» телерадиокорпорациясының аймақтық филиалы «Atyraý» телеарнасының негізін қалаған.

Ардагер журналист Айтқали Нұрғали өмірден өтті
ашық дереккөз

Атырауда 78 жасқа қараған шағында телерадио ардагері, журналист Айтқали Нұрғалиев дүниеден өтті, деп хабарлады turkystan.kz atpress.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтқали Нұрғалиев «Қазақстан» телерадиокорпорациясының аймақтық филиалы «Atyraý» телеарнасының негізін қалап, арнаны 15 жылдан астам уақыт басқарды. «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары лауазымын атқарды. Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Золотой вестник», «Мәдениет қайраткері», «Ақпарат саласының үздігі», «ҚР Еңбек сіңірген журналисі», Құрманғазы ауданының Құрметті журналисі, министрлік пен ҚР Журналистер одағының құрмет грамоталары және басқа да көптеген марапат иесі.

Айта кетейік, Атырау облыстық филиалы ғимаратында Айтқали Құмарғалиұлы атындағы медиааудитория бар. 

Редакция ұжымы журналистің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.