Теміртауда 2 жасар баласын өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Екі жасар баланың жүрегіндегі пышақ жарақатынан бөлек, қолы да сынғаны анықталды.

Теміртауда 2 жасар баласын өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
baigenews.kz/Бауыржан Жуасбаев
812

Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі соты Теміртауда туған ұлын өлтірген ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «Патриот» Телеграм-арнасы хабарлады

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтесін», - делінген сот ұкімінде.

Екі жасар баланың жүрегіндегі пышақ жарақатынан бөлек, қолы да сынғаны анықталды.

Еске салсақ, наурыз айында 24 жастағы ер адам екі жасар ұлын өлтіріп, оқиға орынан қашып кеткен болатын. Ол бір күннен кейін табылды. Полиция күдіктінің өз қылмысын мойындағанын мәлімдеді. 

 

Серіктес жаңалықтары