Павлодарда пәтерден әйелдің денесі табылды

Шақыртуға бір техника мен ТЖД-ның төрт қызметкері, 102 қызметі шықты.

Павлодарда пәтерден әйелдің денесі табылды
lentv24.ru
867

Павлодарлық құтқарушылар асүйдің терезесі арқылы үйге кіріп, орындықтағы отырған әйелдің денесін тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 7 қазан күні сағат 16:50-де Катаев көшесі, 50 мекенжайында пәтер иесі есік ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы үйге кірген. Әйел адамның туыстары және полиция қызметкерлері де оқиға орнында болған. 

«Құтқарушылар асүйде тіршілік белгілері байқалмаған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапты. Іс полицияға тапсырылды», – деді департаментте.

Шақыртуға бір техника мен ТЖД-ның төрт қызметкері, 102 қызметі шықты.

Серіктес жаңалықтары