Жүк пойызы 16 бас қойды қағып кетті

Тексеру барысында үй жануарларының иесі анықталды.

Жүк пойызы 16 бас қойды қағып кетті
Қазақстан темір жолы
828

Солтүстік Қазақстан облысында жүк пойызы 16 бас ұсақ малды қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

3 қараша күні Белеградовка – Жаңаесіл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген ұсақ малмен соқтығысудың алдын алу үшін шұғыл тежеу басқан.

«Алайда, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Нетижесінде 16 бас ұсақ малды қағып кетті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады», – делінген Көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.

Тексеру барысында үй жануарларының иесі анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі, яғни теміржолдарға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары