Қазақстандағы қор биржаларының ерекшелігі неде?

Қазақстанда екі биржа бар – Қазақстан қор биржасы, қысқаша KASE және Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы AIX (АИКС) .

Қазақстандағы қор биржаларының ерекшелігі неде?
сурет: azh.kz
1532

Қазіргі кезде қор нарығы, инвестиция сияқты тақырыптарға қызығатындар саны өсіп келеді. Дегенмен, әлеуметтік желілерде қор нарығына қатысы жоқ түрлі заңсыз схемалар мен пирамидаларды компаниялардың атынан жарнамалау жиілеп кеткенін байқауға болады.

Бұған дейін қор нарығы қалай жұмыс істейтіні туралы жазған болатынбыз. Енді "Қазақстан қор биржаларының ерекшелігі неде?" деген сұраққа жауап берейік.

Әлемдегі барлық дерлік елдің өз биржасы бар, кейде олар тек бір мемлекеттің аумағында бірнеше болуы мүмкін. 

Мысалы, Қазақстанда екі биржа бар – Қазақстан қор биржасы, қысқаша KASE және Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы AIX (АИКС) . 

Біздің биржаларымыздың ерекшелігі – олардың аумағындағы саудаға салық салынбайды. Халықаралық нарықтарда алынған кірістерге салық салынады.  

Кіріс дегеніміз – сіздің инвестициядан түсетін пайдаңыз.

Серіктес жаңалықтары