Браконьерлер ШҚО-да 5 тоннаға жуық шаян аулаған

Табиғатқа 31 млн теңге шығын келтірген.

Браконьерлер ШҚО-да 5 тоннаға жуық шаян аулаған
polisia.kz
752

Шығыс Қазақстан облысы полицейлерінің құрығына соңғы болып, облыстың 44 және 41 жастағы тұрғындары іліккен. Тәртіп бұзушылардың бірін тәртіп сақшылары Өскемен – Самар тасжолында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында анықтады.

  • 41 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны өз ГАЗЕЛімен жалпы салмағы 1800 келі болатын 100 қорап тірі шаянды тиісті құжаттарсыз тасымалдаған. Табиғатқа келтірілген шығын сомасы шамамен 11 млн теңгені құраған. Күдікті оларды Күршім ауданынан белгісіз адамдардан сатып алып, кейін Өскемен қаласында сатуды жоспарлағаны анықталды. Қазір ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
  • Екінші құқық бұзушыны тәртіп сақшылары Күршім – Үлкен Нарын тасжолында ұстады. 44 жастағы Ұлан ауданы тұрғынының көлігінде 92 қапқа салынған жалпы салмағы бір тоннадан асатын тірі шаян табылған. Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы 7,7 млн теңгеден асатынын айтты.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары