Павлодар облысында жұмысшы кәсіпорында көз жұмды

Жұмысшы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Павлодар облысында жұмысшы кәсіпорында көз жұмды
ашық дереккөз
734

Қайғылы оқиға «ЕЭК» АҚ филиалы – «Шығыс» кеніші жанар-жағармай қоймасында орын алған, деп хабарлады turkystan.kz.

«ЕЭК» АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жүк автоцистернасына техникалық бақылау жүргізіп жатқан кезде мердігер ұйым жүргізушісі кабина мен цистерна арасында жаншылып қалған.

Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, жүргізуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. 

Компания марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Серіктес жаңалықтары