Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қайта құрылымдалған Мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды.

Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды
24.kz

Елімізде Мәдениет және ақпарат вице-министрлері тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев Мәдениет және ақпарат вице-министрлері болып тағайындалды.

Сәрсен Абайұлы Құранбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.