Павлодарда есірткі тасымалдаумен айналысқан әйел ұсталды

Әйел тыйым салынған заттарды іш киіміне жасырған.

Павлодарда есірткі тасымалдаумен айналысқан әйел ұсталды
Sergei Supinsky
751

Павлодар облысында есірткі сатушы қолға түсті. Ол тыйым салынған заттарды іш киіміне жасырған, деп хабарлады turkystan.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері қала аумағында 31 жастағы әйелдің психоактивті заттарды байланыссыз тарататыны туралы жедел ақпарат алды.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, полицейлер күдіктіні заңсыз заттардың кезекті партиясын тасымалдаған кезде ұстады. Күдікті кэш-бетбелгілерге орналастыру мақсатында тыйым салынған заттарды интернетте сатып алғанын мойындады.

«Әйелдің іш киіміне жеке тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 12,4 грамм синтетикалық заттан жиырма бес байлам тәркіленді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297 – бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары