Қазақстандықтар Ташкентте ән салғаны үшін ескерту алды (ВИДЕО)

Қазақстандықтар Ташкентте ән салған

Қазақстандықтар Ташкентте ән салғаны үшін ескерту алды (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр

Ташкентте танымал Kok-tū әні орындалып, оның видеосы талқыға түсті, деп хабарлады turkystan.kz Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео TikTok желісінде жарияланды және миллионға жуық қаралым жинаған. Онда Қазақстан туын ұстаған 150 турист Ташкенттегі көңіл көтеру және әткеншектер паркінің алдында ән салған. Бұл жағдай 28 қазанда болған.

"Біз мұны хайп үшін түсірген жоқпыз, біз тек Орталық Азия ұлттарының достық қарым-қатынасын көрсеткіміз келді. Видео түіру жеңіл әрі қызық болды", - дейді тур ұйымдастырушылардың бірі.

Оның айтуынша, бірігіп ән айту оларға ерекше сезім сыйлаған.

"Басқа елдің азаматтары біздің әрекетімізді көріп, қолдау білдірді. Біз тек қазақ екенімізді, еркін және ұйымдасқан екенімізді көрсеткіміз келді. Толқып кеттік! Патриотизм сезімі ерекше екен, біздің халық сондай ғой", - дейді гид.

Қоғамдық тәртіп бұзғаны үшін туристер ескерту алған, алайда ұйымдастырушылардың айтуынша, олар айыппұлдан құтылған.