Алматыда тұрғындар жолдың шұңқырына кілем төсеп қойған

Желіде шұңқырға кілем төселген видео тарады

Алматыда тұрғындар жолдың шұңқырына кілем төсеп қойған
aikyn.kz

Желіде Алматыда жол бойындағы шұңқырға кілем төселген видео тарап кетті, деп хабарлады turkystan.kz Аikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

"Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, Айбергенов көшесі. Жергілікті тұрғындар ерекше әдісті қолданып, шұңқырды кілеммен жауып қоюды ұйғарыпты", - делінген тараған ақпаратта.

Алайда Наурызбай ауданының әкімдігі Айбергенов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.

"Жол желісін жөндеу аясында Айбергенов көшесінің бойындағы жолды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көрсетілген ескертулерді жою шаралары қабылданғанын хабарлаймыз. Сондай-ақ асфальт төсеу жұмыстары аяқталған", - деп хабарлады аудан әкімдігі.