«Сәке» сериалына түскен белгілі актер «Елімай» футбол клубында директор қызметін атқармақ

Рүстем кезінде футболмен кәсіби түрде айналысқан, сондықтан ол әрбір ерекшеліктерді түсінеді

«Сәке» сериалына түскен белгілі актер «Елімай» футбол клубында директор қызметін атқармақ
https://www.instagram.com/_omarov_rustem/
953

Белгілі актер Рүстем Омаров биыл премьер-лигаға оралған семейлік «Елімай» клубының даму жөніндегі директоры болып тағайындалды. Бұл туралы клуб әкімшілігі команданың Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

«Біздің амбассадор - Рүстем Омаров (оны таныстыруды қажет етпейтініне сенімдіміз!) - біздің даму жөніндегі жаңа директорымыз болып тағайындалды!

Рүстем кезінде футболмен кәсіби түрде айналысқан, сондықтан ол әрбір ерекшеліктерді түсінеді және де біздің клубымызды медиаконтент бойынша ең креативті және жоғары деңгейлі клубқа айналдыру үшін барын салады. Күте тұр, ҚПЛ, біз осындамыз! Қош келдіңіз, Рүстем!», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Рүстем Омаров «Сәке», «Патруль» сияқты танымал сериалдарда ойнаған.

Серіктес жаңалықтары