Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Еліміздің барлық өңірінде тұман түсуі мүмкін.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
aikyn.kz
1752

«Қазгидромет» РМК 4-6 қараша аралығында ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағы арқылы терең атлантикалық циклон енетіндіктен, республиканың бірқатарт бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болуы мүмкін.

«Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ болады, сондай-ақ жел күшейеді», – делінген хабарламада.

4 қарашада күндіз батыстан келетін антициклон әсерінен температура төмендейді.

«Ауа температурасы түнде республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 3 градус аяздан 8 градус жылыға дейін көтеріледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 2 градус аязға дейін төмендейді. Таулы аймақтарда 5-10 градус аяз, күндіз -5+15 градус аралығында болады», - делінген хабарламада.

Еліміздің барлық өңірінде тұман түсуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары