6935
Қазақстан Палестинаға 1 миллион доллар гуманитарлық көмек береді
Медиацияның (Mediation) рөлін арттыру – өзекті мәселе.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Палестинаға 1 миллион доллар гуманитарлық көмек беретінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазір айналамызда күрделі ахуал қалыптасып отыр. Солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасында қанды қақтығыс болып жатыр. Ауғанстанның жағдайы да тұрақсыз. Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып тұр. Бүгінде Газа Секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегуде. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осы орайда, Қазақстаннан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдадым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.