1031
Келісілген ойын өткізген: Қазақстандық теннисші өмір бойына жарыстардан шеттетілді
Тимур Хабибулин 60 мың доллар айыппұл төлейді.
Халықаралық әділ теннис агенттігінің (ITIA) шешімімен Тимур Хабибулин өмір бойына жарыстардан шеттетілді, деп хабарлады Turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Тимур енді өмір бойына жарыстарға қатыса алмайды. Сондай-ақ 60 мың доллар айыппұл төлейді. Ол 2014 және 2019 жылдар аралығында өткізген 21 ойынына қатысты айыпталған.
Тимурдан бөлек, өзбекстандық Санжар Файзиев 3 жылға жарыстардан шеттетіліп, 15 мың доллар айып төлейтін болды. Израиль елінің атынан шығатын Игорь Смиланский де 2 жылға шеттетіліп, 4 мың доллар айыппұл арқалады.
Теннисшілердің жаза мерзімі 2023 жылдың 25 шілдесінен басталған.