Еуропада жойқын дауылдан 6 адам қаза тапты

Қатты жел құлатқан ағаштар жазатайым оқиғаларға себеп болған.

Еуропада жойқын дауылдан 6 адам қаза тапты
Сурет: Bob Edme/AP/ТАСС

Еуропада жойқын дауылдан кем дегенде 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап. 

Қатты жел құлатқан ағаштар жазатайым оқиғаларға себеп болған. "Киаран" дауылы сонымен қатар құрлық, су және ауа байланысының бұзылуына әкелді

Қатты екпінді жел сонымен қатар әуе, теңіз және теміржол тасымалында үлкен кедергі туғызды, көптеген рейстер мен пойыздар тоқтатылды. Көптеген Еуропа елдері туристерге ескерту жариялап жатыр.